Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 02 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 маусымда № 5858 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімінің 29.01.2021 № 01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 4 тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылының аймағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Жақыпбайұлы Қошантаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 02 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Ақтоғай ауданының әкімі С. Әбеуова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады