Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 26/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 маусымда № 5868 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "БҚ "Сине Мидас Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі -1659,7821 гектар, оның ішінде № 8-2 барлау блоктарында – 474,4223 гектар, № 4 барлау блоктарында – 236,8064 гектар, № 7 барлау блоктарында – 948,5534 гектар жер теліміне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай үш ай мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "БҚ "Сине Мидас Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі С. Әбеуова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады