Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "БҚ "Сине Мидас Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі -106,85 гектар, оның ішінде карьер СМС-2 – 25,0 гектар, карьер СМС-3 –ПК 140 – 6,25 гектар, карьер СМС-9 – 25,0 гектар, карьер СМС-10 – 25,0 гектар, карьер СМС-11-ПК50 – 6,25 гектар, карьер СМС-12-ПК1 – 6,25 гектар, карьер Тасарал-камень – 13,0 гектар жер теліміне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "БҚ "Сине Мидас Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | С. Әбеуова |