Ақтоғай ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 453 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 желтоқсанда № 6117 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Ақтоғай ауданының мәслихатының ІІІ сессиясының 2016 жылғы 11 мамырдағы №30 "Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3843 болып тіркелген, 2016 жылғы 06 маусымда аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде № 52 (7526) және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) және Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы 39 сессиясының №363 "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашадағы XXXVI сессиясының № 338 "Ақтоғай ауданында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3647 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 ақпанда аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде № 7 (7535) және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы Р. Абеуов

  Ақтоғай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 30
қарашасы
№ 453
шешіміне 1 қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, пайдалану тәртібі және олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық - техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ақтоғай ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары төмендегідей айқындалсын:

      1) Ақтоғай ауылындағы Қазыбек Нұржанов көшесі 497 учаскесі "Жаманқұл Шайдаров" атындағы саябақ. Шекті толу нормасы-500 адам;

      2) Ақтоғай ауылындағы Әлихан Бөкейхан көшесі 604 учаскесі "Батырлар" саябағы. Шекті толу нормасы - 200 адам;

      3) Сарышаған кентіндегі Абай көшесі №12 үйде орналасқан Сарышаған кентіндегі клубының алдындағы алаң. Шекті толу нормасы - 350 адам.

      Ымырт жағдайында бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындар жарықпен қамтамасыз етілуге тиіс.

      Ақтоғай ауданында шерулер мен демонстрациялардың маршруттары:

      1) Ақтоғай ауылының Әлихан Бөкейхан көшесі №41/2 үйінен бастап, "Батырлар" атындағы саябаққа дейін;

      2) Ақтоғай ауылының Сана би көшесі №8 үйінен бастап Мейрам Шорин көшесінің қиылысына дейін;

      3) Сарышаған кентінің Мектеп көшесі №35 үйінен бастап Жастар көшесінің қиылысына дейін.

      2. Ұйымдастырушы мен оның қатысушылары бейбіт жиналыстар өткізуге арналған арнайы орындарды мынадай тәртіппен пайдаланылады:

      1) хабарламада көрсетілген уақыт бойы жиналыс үшін арнайы орын аумағында болады;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      3) қауіпсіздік техникасының санитарлық нормалары мен ережелерін, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтайды.

  Ақтоғай аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ 453 шешіміне 2 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 130 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Ақтоғай ауданының келесі объектілерінде кемінде 800 метр қашықтықта айқындалады:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады