Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 453 "Ақтоғай ауданының аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6117 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Р. Абеуов |
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 130 шешіміне қосымша |
|
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 453 шешіміне 2 қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Пикеттеуді жүргізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Ақтоғай ауданының келесі объектілерінде кемінде 800 метр қашықтықта айқындалады:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде.