Жария сервитутты белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 57/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 6122 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Saryarka Gold" (Сарыарқа Голд) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі -707,5 гектар жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай 6 жылға жария сервитут белгіленсін.

      2. "Saryarka Gold" (Сарыарқа Голд) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі С. Әбеуова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады