Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19-бабына және 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, Жаңаарқа кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне, газ құбырын және оның объектілерін салу үшін Жаңаарқа кенті аумағында орналасқан келесі жер телімдеріне жалпы алаңы 34,3616 гектар үш жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін:
1) жоғары қысымды таратушы газ құбыры РN-0,6 мега паскаль (әрі қарай - МПа), (қысымның өлшем бірлігі әрі қарай - РN), ұзындығы 8,39 километр, құрылыс жолағының ені 2 метр, ауданы-1,678 гектар;
2) орта қысымды таратушы газ құбыры РN-0,3МПа, ұзындығы 22,12 километр, құрылыс жолағының ені 2 метр, ауданы-4,424 гектар;
3) төмен қысымды таратушы газ құбыры РN-0,003МПа, ұзындығы 139,735 км, құрылыс жолағының ені 2 метр, ауданы-27,947 гектар;
4) "Газ тарату пункті 1-3"(әрі қарай - ГТП), алаң көлемі 7х11 метр, саны үш дана, жалпы ауданы-0,0231 гектар;
5) "ГТП 4-6", алаң көлемі 7х9 метр, саны үш дана, жалпы ауданы-0,0189 гектар;
6) "Шкафтық газ тарату пункті 1-38; 40-42"(әрі қарай - ШГТП) алаң өлшемі 3х5 метр, саны қырық бір дана, жалпы ауданы-0,0615 гектар;
7) "ШГТП 38", алаң көлемі 3х4 метр, саны бір дана, ауданы - 0,0012 гектар.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау, Жаңаарқа кенті әкімінің орынбасары Калжанов Бауыржан Алпысбаевичқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | М. Куанышбеков |