Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қарашада № 6073 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімінің 09.02.2021 № 2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан "Угар" шаруа қожалығының "Қилыбай" қыстағы аумағында ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      әкім Ж. Тилемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады