Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ірі қара малдарының арасынан құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан "Угар" шаруа қожалығының "Қилыбай" қыстағы аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6073 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 қарашадағы № 45-46 (11793) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 11 қарашада электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
әкім | Ж. Тилемисов |