Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ынталы ауылдық округінің әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 05 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 5706 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Ынталы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ірі қара малдарының арасынан вирустық диареясы және инфекциялық ринотрахеит аурулары бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Ынталы ауылдық округінде орналасқан "Ынта" шаруа қожалығының "Қараоба" қыстағы аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарқаралы ауданының Ынталы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 09 желтоқсандағы № 02 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5593 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 желтоқсандағы № 52 (11747) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2019 жылы 26 желтоқсанда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ынталы ауылдық округінің әкімі Ж.К. Кежембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
      Министрлігі Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Т.Ж. Копжасаров

      2020 жыл 14 ақпан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады