Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұра ауданының әкімі | А. Шалмаганбетов |
Нұра ауданы әкімдігінің 2020 жылғы "___" __________ № ____ қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі:
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі (Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде % жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1. | Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 78 | 2 | 2 |
2. | Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің, білім беру бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 57 | 2 | 1 |