Тассуат ауылының аумағында карантинді тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Тассуат ауылының әкімінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № 6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қарашада № 6075 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Тассуат ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Құстар арасынан жоғары патогенді құс тұмауы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, Тассуат ауылының аумағында карантин тоқтатылсын.

      2. Тассуат ауылы әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 "Тассуат ауылының аумағында карантин белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6044 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2020 жылы 28 қыркүйекте электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тассуат ауылының әкімі М. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады