Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қарағанды жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлау жұмыстарын жүргізу үшін Родников ауылдық округінің Қарасу ауылындағы алаңы 5,6 гектар жер учаскесіне үш ай мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының Родников ауылдық округінің әкімі | Б. Ибраев |