Жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімінің 2020 жылғы 27 шілдедегі № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 шілдеде № 5985 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Ұлытау ауданының төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 17 шілдедегі №4 хаттамасы негізінде, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Авариялық жағдайдың туындау қауіпіне байланысты, адам өліміне әкеп соқтыруы мүмкін, Ұлытау ауданы, Қарсақпай кенті, Сәтбаев көшесіндегі №73 үйде жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Сәрсембайұлы Оспанов тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау ауданының әкімі Б. Әбдіғалиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады