Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы XXVI сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 26/223 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 37/341 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 сәуірде № 5778 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 6/63 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

      1. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы XXVI сессиясының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 26/223 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2892 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 01(10517) "Шет Шұғыласы" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 8 қаңтарында жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      1) 10 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылатындар:

      1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;

      2) амбулаториялық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар "туберкулез" ауруы, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса;

      3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) айлық орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерден аспайтын жағдайда ұсынылады.";

      2) 15 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      3) 17-1 тармақ алынып тасталсын;

      4) келесі мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы айлық орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.";

      5) 26-1, 26-2, 26-3, 26,4 тармақтар алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Шакиржанова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Тулеукулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады