Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 15.02.2022 № 10/02 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Шет ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 09/01 "Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4634 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Әбілдинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Шет ауданы әкімі | М. Мухтаров |
Шет ауданы әкімдігі 2020 жылғы 1 сәуірі № 15/01 қаулысына қосымша |
Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айлық төлемақы мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||
Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | Мемлекеттік | Жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 665 | 255 |
1 жастан 3 жасқа дейін 7800 | 1 жастан 3 жасқа дейін 7800 3жастан 6 жасқа дейін 8500 | 10000 | 30000 |
2 | Мектепке дейінгі шағын орталық | 538 | - |
1жастан 3 жасқа дейін 5500 | - | 9780 | - |