Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының Шет ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 09/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 наурызда № 4634 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 15/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімдігінің 01.04.2020 № 15/01 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Шет ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 58/06 "Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4437 болып тіркелген, аудандық "Шет шұғыласы" газетінің 2017 жылдың 24 қарашадағы №4 7 (10 667) газетінде, электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 22 қарашасында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А.А. Әбілдинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Шет ауданының әкімі М. Жандәулетов

  Шет ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "19" ақпандағы
№ 09/01 қаулысына қосымша

Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айлық төлемақы мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

Мемлекеттік

Жеке меншік

1

Балабақша

665

150

1 жастан 3 жасқа дейін 6500
3 жастан 6 жасқа дейін 7200

1 жастан 3 жасқа дейін 6500 3 жастан 6 жасқа дейін 7500

10000

26000

2

Мектепке дейінгі шағын орталық

321

-

1 жастан 3 жасқа дейін 4500
3 жастан 6 жасқа дейін 5500

-

9780

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады