Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданы әкімінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5300 болып тіркелген, аудандық "Шет Шұғыласы" газетінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 17 (10742) санында жарияланған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылдың 30 мамырда жарияланған) № 05 шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданы әкімі | М. Мухтаров |