Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 05 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 сәуірде № 5300 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданының әкімінің 08.04.2020 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №756 қаулысына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы, Шет ауданының Көктіңкөлі және Нұраталды ауылдық округтерінің аумағында су тасқынына байланысты жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып, Шет ауданы әкімінің орынбасары М. Мұхтаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі М. Жандәулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады