Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Приозерск қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне 2003 жылы туған ер азаматтарды тiркеу ұйымдастырылсын.
2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге шақыру жасына дейiнгiлерді медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алғанда жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
3. Приозерск қаласы әкімінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 1 "2002 жылы туған ер азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеудi өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5164 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 5 ақпанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.
5. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледi.
Приозерск қаласының әкімі | К. Камзин |