"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 121-бабының 4-тармағына, "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 14-бабының 1, 5-тармақтарына, "Электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 330 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15943 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Айқындалсын (белгіленсін):
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Кеңқияқ-Құмкөл" магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі, ВЛ-10 кВ электр желісінің күзет аймақтары шекаралары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес "Кеңқияқ-Құмкөл" магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі, ВЛ-10 кВ электр желісінің күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимі.
2. "Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарының әкімдіктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Намаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | К. Искаков |
Қызылорда облысының әкімі 2020 жылғы 30 қаңтары № 152 қаулысына 1-қосымша |
"Кеңқияқ-Құмкөл" магистральды мұнай құбырының желілік бөлігі, ВЛ-10 кВ электр желісінің күзет аймақтары шекаралары
№ | Аудан атауы | Жерлер санаты | Күзет аймақтарының шекараларының көлемі, гектар | Құбыр мен электр желісі осінің екі жағынан орнатылатын күзет аймақтарының өлшемі, метр |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Арал | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | 112,0826 | 25 |
2 | елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерлерi | 221,2755 | 50 | |
3 | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер | 204,1586 | 50 | |
4 | босалқы жерлер | 781,4316 | 50 | |
Жинағы: | - | 1318,9483 | - | |
5 | Қазалы | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | 24,3705 | 25 |
6 | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер | 116,858 | 50 | |
7 | орман қорының жерлерi | 70,8564 | 50 | |
8 | босалқы жерлер | 539,3343 | 50 | |
Жинағы: | - | 751,4192 | - | |
9 | Қармақшы | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер | 85,5341 | 50 |
10 | босалқы жерлер | 440,5775 | 50 | |
Жинағы: | - | 526,1116 | - | |
11 | Жалағаш | ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер | 105,7103 | 25 |
12 | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер | 110,0412 | 50 | |
13 | босалқы жерлер | 403,1209 | 50 | |
Жинағы: | - | 618,8724 | - | |
14 | Сырдария | өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер | 75,4175 | 50 |
15 | босалқы жерлер | 182,3116 | 50 | |
Жинағы: | - | 257,7291 | - | |
Барлығы: | - | 3473,0806 | - |
Қызылорда облысының әкімі 2020 жылғы 30 қаңтары № 152 қаулысына 2-қосымша |