"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Қызылорда қаласы бойынша 2020 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Налибаев |
Қызылорда қаласының әкімі 2020 жылғы 21 қаңтары № 14951 қаулысына қосымша |
Қызылорда қаласы бойынша 2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан)
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 250 | 3 | 8 |
2 | "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 63 | 2 | 2 |
3 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 109 | 3 | 4 |
4 | Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Табиғат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 100 | 2 | 2 |
5 | "Пәтер иелерінің "Шапағат кооперативі" тұтыну кооперативі | 98 | 2 | 2 |
6 | "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы | 233 | 3 | 7 |
7 | "Қызылорда облысының білім басқармасының Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 50 | 2 | 1 |
8 | "Қызылорда облысының денсалуық сақтау басқармасының "Облыстық перинаталдық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 50 | 2 | 1 |