"Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 11167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 16173 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қыркүйекте № 7649 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 17299 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 08.02.2021 № 17299 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 және 50-баптарына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 11167 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6305 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 маусымда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасындағы "қыркүйек," деген сөз "желтоқсан," деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Налибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады