"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылы 29 қаңтардағы № 4861 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5371 нөмірімен тіркелген, "Қызылорда таймс" 2016 жылы 2 наурызда, "Ақмешіт ақшамы" газеттерінде 2016 жылы 5 наурызда, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 17 наурызда жарияланған);
2) "Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылы29 қаңтардағы № 4861 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылы 11 сәуірдегі № 7597 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5801 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" және "Қызылорда таймс" газеттерінде 2017 жылы 26 сәуірде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 27 сәуірде жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Налибаев |