Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 26.11.2020 № 16760 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қалалық коммуналдық меншіктегі ұйымды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 4861 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5371 тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінде 2016 жылғы 5 наурызда № 21-22, "Кызылорда Таймс" газетінде 2016 жылғы 2 наурызда № 11, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 наурызда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | А. Шәменов |
"КЕЛIСIЛДI" "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы ___________ Р.М.Құдайбергенов "11" сәуір 2017 жыл |
Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 7597 қаулысына қосымша |
|
Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 4861 қаулысына қосымша |
Мүліктік кешен ретінде жекешелендірілетін "Сырдария" балалар сауықтыру лагері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
№ | Занды тұлғаның атауы | Жекешелендіру мерзімі | Жекешелендіру түрі |
1 | "Сырдария балалар сауықтыру лагері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | Қараша, 2017 жыл | Кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру |