Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 06.02.2020 № 9-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар осы қаулының 1, 2- қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Р. Утешов |
"КЕЛІСІЛДІ" "Арал құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен "Арал" Сервистік дайындау орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен |
2020 жылғы 17 қаңтары № 3-қ Қаулысына 1- қосымша |
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз) | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны ( адам) |
1 | "Арал құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 56 | 1,12 | 2 |
2020 жылғы 17 қаңтары № 3-қ Қаулысына 2-қосымша |
2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз) | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны ( адам) |
1 | "Арал" "Сервистік дайындау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 0,8 | 2 |