2020 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 9-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 ақпанда № 7243 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар осы қаулының 1, 2- қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. "2020 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 3-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7216 нөмерімен тіркелген, 2020 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі М. Уразбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Арал құрылысы" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігімен
"Арал" Сервистік дайындау орталығы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен

  Арал ауданының әкімі
2020 жылғы 6 ақпаны
№ 9-қ қаулысына 1-қосымша

2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйым атауы

Жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Арал құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

3,57

2

  Арал ауданының әкімі
2020 жылғы 6 ақпаны
№ 9-қ қаулысына 2-қосымша

2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйым атауы

Жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Арал" "Сервистік дайындау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

5

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады