"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 97 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 362 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 мамырда № 7445 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 12.02.2021 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 97 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5963 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қосымша біржолғы төлем 1000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
А. Садуакасова
      Арал аудандық
мәслихатының хатшысы
Д. Мадинов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесімен"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады