Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 7 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 қаңтарда № 7218 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудан әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 202 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудан әкімдігінің 14.12.2021 № 202 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 94-бабының 3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық бюджетке және жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Бюджеттің атқарылуының кейбір мәселелері туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 8 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5737 нөмірімен тіркелген, 2017 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ергешбаев

  Аудан әкімі 2020 жылғы 20 қаңтары № 7 қаулысына қосымша

Аудандық бюджетке және жергілікті өзін-өзі басқару бюджетіне түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі

Уәкілетті органдар

Бюджет сыныптамасының коды

Аудандық бюджетке түсетін түсімдердің атауы*

1

"Қазалы ауданының қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

201102

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері

2

201302

Коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер

3

201402

Коммуналдық меншіктегі заңды тулғаларға қатысу үлесіне кірістер

4

201508

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер

5

201907

Иесіз мүлікті, белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер 

6

201910

Коммуналдық меншігіне жататын жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы

7

301102

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер 

8

301103

Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер

9

401301

Бюджеттік алып коюлар

10

401302

Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару

11

401303

Мақсатына сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

12

401304

Бюджеттік заңнамамен белгіленген жағдайда жалпы сипаттағы трансферттерді қайтару

13

401305

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару

14

401306

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару

15

401307

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару

16

401308

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің ысырабын өтеуге арналған трансферттер түсімдері

17

401310

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджетінен бөлінген мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару

18

402201

Ағымдағы нысаналы трансферттер

19

402202

Нысаналы даму трансферттері 

20

402203

Субвенциялар 

21

402204

Заңнаманың қабылдауына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер 

22

501106

Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

23

601102

Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер 

24

601105

Мүліктік кешен түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жіргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер

25

701203

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алатын қарыздар

26

Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар

202102

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер 

27

203102

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі 

28

204114

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар

29

204116

Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

30

204118

Мамандандырылған ұйымдарға, жеке тұлғаларға бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша жергілікті бюджеттен берілген айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 

31

206105

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімі 

32

206107

Бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы 

33

206109

Жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер 

34

206110

Мүлiктi жария еткенi үшiн алым 

35

Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары

204154

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алуларды қоспағанда аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

36

204171

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен берілген бюджеттік кредиттер бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 

37

"Қазалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

201509

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорынан үйлердi жалға беруден түсетін кірістер

38

"Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

201706

Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар 

39

201713

Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар 

40

201718

Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

41

201719

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аппараттарына аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар

42

501113

Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 

43

501121

Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 

44

501122

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдерінің аппараттарына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

45

"Қазалы ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

303101

Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер 

46

303102

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер

47

303202

Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем 

48

Жергілікті өзін-өзі басқарудың 4-ші деңгейлі бюджеті

101202

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

49

104102

Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық

50

104302

Елдi мекендер жерлерiне алынатын жер салығы

51

104401

Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

52

104402

Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық

53

105430

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырғаны үшін төлемақы

54

201102

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері

55

201402

Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер

56

201510

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер

57

201706

Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

58

201713

Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

59

201718

Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

60

202102

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

61

203102

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі

62

204114

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар

63

204170

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

64

206105

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімі

65

206107

Бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы

66

206109

Жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер

67

206115

Жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдар

68

206117

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат қалдықтарының түсімдері

69

301102

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер

70

402301

Ағымдағы нысаналы трансферттер

71

402302

Нысаналы даму трансферттері

72

402303

Субвенциялар

73

402304

Заңнаманың қабылдауына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер

74

403103

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда берілетін трансферттер

75

501106

Мамандандырылған ұйымдарға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

76

501113

Жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

77

501121

Мамандандырылған ұйымдарды қоспағанда, жергілікті бюджеттен заңды
тұлғаларға берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

78

601102

Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер

79

601105

Мүліктік кешен түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жіргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер

80

701204

Аудандық маңызы бар қалаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округінің әкімінің аппараты алған қарыздар

81

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қызылорда облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы "Арал және Қазалы аудандары бойынша аумақтық бөлімі"

204103

Атқарушылық санкция

82

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесінің филиалы-Қазалы аудандық сотының кеңсесі

204142

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтарды қоспағанда, сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi, салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

83

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қызылорда облысының Полиция департаменті Қазалы ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі

204106

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың ішкі істер департаменттері, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар

      Ескерту: *аудандық бюджетке түсетін түсімдердің атауы "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9756 нөмірімен тіркелген) сәйкес жазылды. Аудандық бюджетке түсетін түсімдер "Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Респуликасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9760 нөмірімен тіркелген) сәйкес ескеріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады