"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Ергешбаев |
Аудан әкімі 2020 жылғы 30 қаңтары № 13 қаулысына 1-қосымша |
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "СПК Қызылорда Балық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 2,5 | 2 |
2 | "Сыр Маржаны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 72 | 1,38 | 1 |
3 | "ҚАЗАЛЫ КӨРКЕМ СЕРВИС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 70 | 1,42 | 1 |
Аудан әкімі 2020 жылғы 30 қаңтары № 13 қаулысына 2-қосымша |
2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Жеке кәсіпкер "Игликов Т" | 60 | 1,6 | 1 |
Аудан әкімі 2020 жылғы 30 қаңтары № 13 қаулысына 3-қосымша |
2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 119 | 1,68 | 2 |
2 | "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 120 | 1,66 | 2 |