"2020-2022 жылдарға арналған Шәкен ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №371 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 наурыздағы № 400 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 наурызда № 7279 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2020-2022 жылдарға арналған Шәкен ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 371 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7094 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2020-2022 жылдарға арналған Шәкен ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 44641 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1512 мың теңге;

      трансферттер түсімдері – 43129 мың теңге;

      2) шығындар – 44641 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0.".

      3 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) мәдениет саласы 1290 мың теңге.".

      Аталған шешімнің 1 - қосымшаcы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазалы аудандық мәслихатының кезектен
тыс LIII сессиясының төрағасы
Ғ. ӘЛІШ
      Қазалы аудандық
мәслихат хатшысы
К. НАЗЫМБЕКОВ

  Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 наурызы № 400 шешіміне қосымша
  Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсаны № 371 шешіміне 1-қосымша

2020 жылға арналған Шәкен ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




1. Кірістер

44641

1



Салықтық түсімдер

1512


04


Меншiкке салынатын салықтар

1512



1

Мүлiкке салынатын салықтар

5



3

Жер салығы

21



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1486

4



Трансферттердің түсімдері

43129


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

43129



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

43129

Функционалдық топ



Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi



Бағдарлама




Атауы




2. Шығындар

44641

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

25941


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

25941



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

25791



022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

150

5



Денсаулық сақтау

179


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

179



002

Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастыру

179

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

4550


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2537



014

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

2537


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2013



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

1062



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

250



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

701

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

12778


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

12778



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

12778

12



Көлiк және коммуникация

1193


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1193



013

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1193




3. Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. Қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатыпалу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

0




6.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады