"2020-2022 жылдарға арналған Майлыбас ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 365 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 желтоқсандағы № 523 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 7874 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2020-2022 жылдарға арналған Майлыбас ауылдық округінің бюджеті туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 365 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7188 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2020-2022 жылдарға арналған Майлыбас ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 92150 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 2564 мың теңге;

      трансферттер түсімдері – 89586 мың теңге;

      2) шығындар – 92150 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

      бюджеттік кредиттер – 0;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

      қаржы активтерін сатып алу – 0;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) мәдениет саласы 2339 мың теңге.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) білім беру 4160 мың теңге.".

      Аталған шешімнің 1-қосымшаcы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазалы аудандық мәслихатының кезектен тыс LXVII сессиясының төрағасы А. ОРЫМБАЕВ
      Қазалы аудандық мәслихат хатшысы К. НАЗЫМБЕКОВ

  Қазалы аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 7 желтоқсаны № 523
  шешіміне қосымша
  Қазалы аудандық мәслихатының
  2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 365
  шешіміне 1-қосымша

2020 жылға арналған Майлыбас ауылдық округінің бюджеті

Санаты

Сомасы, мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы




1. Кірістер

92150

1



Салықтық түсімдер

2564


04


Меншiкке салынатын салықтар

2564



1

Мүлiкке салынатын салықтар

15



3

Жер салығы

129



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

2420

4



Трансферттердің түсімдері

89586


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

89586



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

89586

Функционалдық топ



Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi



Бағдарлама




Атауы




2. Шығындар

92150

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

25993


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

25993



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

25993

4



Бiлiм беру

42298


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

42298



041

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

42298

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

8594


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1320



014

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

1320


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

7274



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

2751



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

446



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

4077

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

15265


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

15265



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

15265




3. Таза бюджеттік кредиттеу

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5. Бюджет тапшылығы (профициті)

0




6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады