"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 тамыздағы №3 қорытындысына сәйкес Әйтеке би кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би кентінің келесі көшелеріне:
1) №4 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Сара Тәжібаева" есімі;
2) №1 кварталдағы атауы жоқ көшеге "Қалжан Бекетаев" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би кентінің әкімі | К. ОРЫНБАСАРОВ |