“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Жер учаскелері жеке меншікке өтемді негізде берілген кезде, сондай-ақ мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушыларға жалға берілетін жерлерді аймақтарға бөлу туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2001 жылғы 20 қарашадағы № 16-4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1027 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 58-сессиясының төрағасы | М. Кулболдиев |
Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы | М. Еспанов |