“Жалағаш ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы” Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 7 қарашадағы №18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 шілдеде № 7566 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. “Жалағаш ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы” Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 18 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6503 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы Жалағаш ауданының аумағындағы сайлау учаскелеріндегі:

      № 128 сайлау учаскесіндегі:

      он тоғызыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      “Досбол Қуанбаев көшесі;”;

      жиырмасыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      “Сауда Орманов көшесі.”;

      № 144 сайлау учаскесіндегі:

      бесінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      “Зарлық Қауқаев көшесі;”;

      он екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      “Айнаш Балғабаева көшесі.”.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі А. Шаменов
     
      “КЕЛІСІЛДІ”
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
______________ С. Әлиев
14 шілде 2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады