2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 121 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 ақпанда № 7242 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі С. Макашов

  Жаңақорған ауданының әкімі
2020 жылғы 6 ақпаны №121
қаулысына қосымша

2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан)

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындары ның саны (адам)

1

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің №56 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

90

2

2

2

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің Ахмет Әділов атындағы №86 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

88

2

2

3

"Жаңақорған ауданының білім бөлімінің №208 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

73

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады