Көшелерге атауберу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Байкенже ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 60 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 ақпанда № 7244 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес, Байкенже ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байкенже ауылдық округі Байкенже ауылының келесі көшелеріне:

      1) Байкенже ауылының кіре беріс бөлігінде орналасқан атауы жоқ көшеге "Қожамберді батыр" есімі;

      2) Қ.Сіргебайұлы және А.Дүйсенұлы көшелерімен перпендикуляр орналасқан атауы жоқ көшеге "Тұрдан Өмірбайұлы" есімі;

      3) Ө.Өткелбайұлы көшесінен басталатын және А.Дүйсенұлы көшесімен қиылысатын атауы жоқ көшеге "Өтебай Дүйсенов" есімі;

      4) атауы жоқ 5-көшеге "Орал палуан" есімі;

      5) атауы жоқ 6-көшеге "Смайыл Жандарбеков" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байкенже ауылдық округінің әкімі Н. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады