Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округі әкімінің 29.04.2020 № 180 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 21 ұсынысына сәйкес Бесарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық округi, Бесарық ауылының Ж. Қыдыров көшесінде құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округі әкімі | Ә. Абдуллаев |