Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 180 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 сәуірде № 7406 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетiнiң Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 186 ұсынысына сәйкес Бесарық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық округi, Бесарық ауылының Ж. Қыдыров көшесінде құтырық ауру ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Бесарық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7217 болып тіркелген, 2020 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі Ә. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады