Сырдария ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 183 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 7608 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 24.05.2023 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Сырдария ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 24.05.2023 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сырдария ауданының әкімі Р. Рустемов

  Сырдария ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 26 тамыздағы
№ 183 қаулысына қосымша

Сырдария ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 24.05.2023 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Орналасу орны

Алатын алаңы
(шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Тереңөзек кенті, Дүйсенбай Керейтбаев көшесі, "Нұрай" дүкенінің оң жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Нұрай"
дүкені

2

Тереңөзек кенті, Амангелді Иманов көшесі, "Серікбол" сауда үйінің оң жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Серікбол" сауда үйі

3

Тереңөзек кенті, Амангелді Иманов көшесі, "Береке" дүкеніне қарама-қарсы

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Береке"
дүкені

4

Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі, Асқар Тоқмағанбетов ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, "А.Тоқмағамбетов LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының оң жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

жоқ

5

Сәкен Сейфуллин ауылдық округі, Сәкен Сейфуллин ауылы, Сәрке батыр көшесі, "Мұрат" дүкенінің оң жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Мұрат"
дүкені

6

Жетікөл ауылдық округі, Жетікөл ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, "Айсұлу" дүкенінің оң жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Айсұлу" дүкені

7

Айдарлы ауылдық округі, Айдарлы ауылы, Досбол Датқа көшесі, № 5 үйдің оң жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

жоқ

8

Ақжарма ауылдық округі, Ақжарма ауылы, Ағатай Есентұров көшесі, "Толғанай" дүкенінің оң жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Толғанай"
дүкені

9

Аманкелді ауылдық округі, Аманкелді ауылы, Абдулла Ағайдаров көшесі, "Рамазан" дүкенінің сол жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Рамазан"
дүкені

10

Бесарық ауылдық округі, Бесарық ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, № 23 үйдің сол жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Раушан"
дүкені

11

Іңкәрдария ауылдық округі, Іңкәрдария ауылы, Қасым Сейдахметов көшесі, № 12 үйдің сол жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

жоқ

12

Қоғалыкөл ауылдық округі, Қоғалыкөл ауылы, Сәбира Майханова көшесі, № 17 үйдің оң жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Мирас" дүкені

13

Қалжан Ахун ауылдық округі, Қалжан Ахун ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, № 1-1 үйдің оң жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Айгерім"
дүкені

14

Нағи Ілиясов ауылдық округі, Нағи Ілиясов ауылы, Нағи Ілиясов көшесі, № 22/а үйдің оң жағында

100

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

жоқ

15

Шаған ауылдық округі, Шаған ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, "Шаған маркет" дүкенінің сол жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Фариза"
дүкені

16

Шіркейлі ауылдық округі, Шіркейлі ауылы, Жаппасбай Нұрсейітов көшесі, "Бибінұр" дүкенінің оң жағында

50

5

азық түлік/ азық-түлік емес тауарлар

"Бибінұр"
дүкені


 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады