Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Шаған ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 32 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 7661 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес Шаған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шаған ауылдық округінің Шаған ауылындағы Шіркейлі каналының оңтүстік бөлігіндегі Жүсіпәлі Омаров көшесі "Әбдамит Қосқанов" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Шаған ауылдық округінің әкімі У. Абдраманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады