2020 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 587 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 наурызда № 7269 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Т. Жағыпбаров

  Шиелі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпаны № 587 қаулысына қосымша

2020 жылға мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан)

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам)

1

Шиелі аудандық білім бөлімінің "№158 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

118

3

4

2

Шиелі аудандық білім бөлімінің "№47 "М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

128

3

4

3

Шиелі аудандық білім бөлімінің "№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

116

3

4

4

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының "Халыққа қызмет көрсету бойынша Шиелі аудандық бөлімі"

38

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады