Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Иіркөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 44 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 маусымда № 7505 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 3 қорытындысына сәйкес Иіркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Иіркөл ауылдық округі Ы.Жақаев ауылының келесі көшелеріне:

      1) атауы жоқ жаңа көшеге "Ибрагим Шохаев" есімі;

      2) атауы жоқ жаңа көшеге "Сыздық Төребаев" есімі берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Иіркөл ауылдық округінің әкімі С. Монтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады