Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 2 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 қаңтарда № 4110 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 240 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3760 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы";

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумағының айналасында жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмай, ені екі шақырым жалпы көлемі 63864,2 гектар жер учаскесі қорғау аймағы болып белгіленсін.";

      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағы аумағының айналасында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.";

      қосымшада:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын, табиғат пайдалану режимін, тәртібін белгілеу туралы";

      1 тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қорық) қорғау аймағында:".

      2. "Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Д. Дүзмағамбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады