Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 167 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 қазанда № 4311 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 88 "Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2714 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Қ. Ережепов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2020 жылғы 7 қазаны
  № 167 қаулысына қосымша

Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері

Автомобиль жолының индексі

Автомобиль жолының атауы, шақырымы (шқ)

1

2

3

1

КR-1

"Ақтау – Форт-Шевченко", 11-132 шқ"

2

КR-2

"Ақтау – Форт-Шевченко автомобиль жолының 43 шқ – Қаламқас кен орны", 43-274 шқ"

3

КR-3

"Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау порты", 786-802 шқ"

4

KR-4

"Сайын Шапағатов – Әуежай",0-4 шқ"

5

КR-5

"Ақтау – Құйылыс", 0-44 шқ"

6

КR-6

"Құйылыс – Шетпе", 0-45 шқ"

7

КR-7

"Тасболат – Қарамандыбас", 0-11 шқ"

8

КR-8

"Жетібай – Қарамандыбас – Жаңаөзен", 0-80 шқ"

9

КR-9

"Сайөтес – Қарақұдық – Қызылсай", 0-108 шқ"

10

КR-10

"Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе", 0-161 шқ"

11

КR-11

"Кендірлі" демалыс базасына кіреберіс", 0-5 шқ"

12

КR-12

"Ата жолы", 0-97 шқ"

13

КR-13

"Жыңғылды – Шайыр", 0-10,1 шқ"

14

КR-14

"Қияқты – Тұшықұдық", 0-22,96 шқ"

15

КR-15

"Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Казатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су алғышынан "Құрық" теңіз портына дейін", 0-61,6 шқ"

16

КR-16

"Өмірзақ ауылынан бастап Ақтау қаласының жылы жағажайына дейін", 0-4,6 шқ"

17

КR-17

"Химия-гидрометаллургия зауыты (ХГМЗ) қиылысынан Ақтау қаласының № 23, 24, 28 "А" шағын аудандар қиылысына дейінгі № 55 автомобиль жолы", 0-7 шқ"


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады