Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 41/478 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 4163 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 16.04.2021 № 3/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 10-15-122 ұсынысының негізінде, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 21/171 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2305 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 қарашадағы "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:

      9 тармақтың 10) тармақшасы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:

      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш.";

      18 тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      18 тармақтың бірінші бөлігі келесідей мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) ақталған адамның куәлігі немесе прокуратура органының, соттың ақталғаны туралы анықтамасы, сот ұйғарымының (қаулысының) көшiрмесiн.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М. Сарыев).

      3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Мусаев
      Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы С. Мыңбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады