Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 05-14-1722 ұсынысының негізінде, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Жаңаөзен қаласының құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы № 43/355 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2876 болып тіркелген, 2015 жылы 2 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаөзен қаласының құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы И. Калдаманов).
3. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Самаликова |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы | С. Мыңбай |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
2020 жылғы 10 желтоқсандағы | |
№ 52/571 шешіміне қосымша | |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
2015 жылғы 26 қазандағы | |
№ 43/355 шешімімен бекітілген |
Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже
1 тарау. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
2. Құрмет грамотасымен қаланың экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін дамытудағы, білім беру саласындағы, әскери және өзге де мемлекеттік қызметтегі, қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері және жеке үлес қосқаны үшін азаматтар наградталады.
3. Құрмет грамотасымен марапаттала алмайды:
1) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;
2) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалар;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар;
4) ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған әкімшілік жазалары бар тұлғалар.
2 тарау. Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
4. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстар еңбек, шығармашылық ұжымдарымен, қаланың өкілді және атқарушы органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен ұсынылады.
5. Наградтау бетшесінде наградталушының жеке басын сипаттайтын деректер, оның сол саладағы және ұжымдағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтер жазылады. Наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысымен қол қойылады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі. Қала әкімі орынбасарларының, ауылдар әкімдерінің және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің басшыларының наградтау бетшесіне қала әкімімен қол қойылады.
6. Қала әкімі мен қалалық мәслихат хатшысының атына еңбек ұжымының наградтау бетшесі мен қолдаухаты қала әкімі аппаратының және қалалық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады. Әрі қарай Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.
7. Егер ұсынылған кандидат немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, осы ұсыныс қалалық мәслихаттың сессиясында қарауға енгізілмейді.
8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Жаңаөзен қалалық мәслихатының сессиясында қабылданады.
9. Құрмет грамотасымен қайталап наградтау жүргізілмейді.
Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім кадр қызметімен наградталушының еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.
11. Наградтау туралы мәліметтер Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал қала әкімі аппаратының наградтау мәселесі жөніндегі маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі қала әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.
12. Құрмет грамотасын қала әкімі, қалалық мәслихаттың хатшысы наградталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және қала активінің жиналыстарында салтанатты түрде табыс етеді.
3 тарау. Жаңаөзен қаласының Құрмет грамотасының сипаттамасы
13. Құрмет грамотасы беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде "Құрмет грамотасы" деп жазылған, қосымша бетшесі бар көк түсті балакрон папка.
Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.
Қосымша бетшенің айқармасында сол жағынан ұлттық оюмен өрнектелген Жаңаөзен қаласының символы орналасады.
Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран құс қалықтаған күн сәулесі аясында наградталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбегін көрсетіп жазу үшін орын қалдырылады.
Мәтіннің астында қосарланып қала әкімінің және қалалық мәслихат хатшысының қолдары орналасады.