Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылы әкімінің 05.06.2020 № 438 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 01-19/59 ұсынысының негізінде Бейнеу ауылы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түйелердің арасында шешек ауруының пайда болуына байланысты Бейнеу ауылының тұрғыны Қ. Баймұңаловтың жеке ауласына карантин белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары (С. Көкшеев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл әкімінің орынбасары С. Көкшеевке жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауылы әкімінің міндетін атқарушы | Р. Тайшыбаев |