Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 26 мамырдағы №01-19/99 ұсынысының негізінде Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түйелердің арасынан шешек ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Бейнеу ауылының тұрғыны Қ.Баймұңаловтың жеке ауласына белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Бейнеу ауылы әкімінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 сәуірдегі №389 "Карантин белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4192 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары (С.Көкшеев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары С. Көкшеевке жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауылының әкімі | Р. Тайшыбаев |