Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Беккалина) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қарақия ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Тұяқовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия ауданының әкімі | Қ.Беков |
Қарақия ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 27 наурыздағы | |
№ 72 қаулысына қосымша |
Қарақия ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 29.09.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы топтар | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығындардың орташа құны, (теңге) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері, (теңге) | |||
Балабақша (жеке/мемлекеттік) | Мектепке дейінгі шағын-орталық (мемлекеттік) | Балабақша (жеке/мемлекеттік) | Мектепке дейінгі шағын-орталық (мемлекеттік) | Балабақша (жеке/мемлекеттік) | Мектепке дейінгі шағын-орталық (мемлекеттік) | ||
1 | 1-ден 3-ке дейінгі топтар | 375/78 | 78 | 31810 | 31116 | 12513 | 12513 |
2 | 4-тен 5-ке дейінгі топтар | 150/90 | 0 | 31810 | 0 | 12513 | 0 |
3 | 6-дан 7-ге дейінгі топтар | 426/0 | 0 | 31810 | 0 | 12513 | 0 |
4 | 10-нан және одан да көп топтар | 840/0 | 0 | 31810 | 0 | 12513 | 0 |
Барлығы | 1791/168 | 78 | х | х | х | х |